|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
ҚР 2021 жылғы 30 қарашадағы № 76-VII Заңымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2021 жыл - 2 700 000 000 мың теңге; 2022 жыл - 2 400 000 000 мың теңге; 2023 жыл - 2 200 000 000 мың теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 93-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2020 жылғы 5 қарашада жарияланған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 24 қараша № 378-VI ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |