«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1.»Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11785 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ЕДБ АЖ және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі көмегімен электрондық нысанда портал арқылы;»; осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес регламент 4-қосымшамен толықтырылсын; 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу туралы куәлігі арқылы көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында бір реттік парольды пайдалану арқылы ЭҮП порталдың есеп жазбасына тіркеу жасайды (ЭҮП тіркелмеген қызметті алушылар үшін жасалады)»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|