-Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2014.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе-кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады: «8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады: 1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100 (метр); 2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр). 3. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|