Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына: 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру; 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін. 3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына: 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру; 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулының 2 және 3-тармақтарда көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру кезінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін. 5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|