ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.23.02. № 164 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 209 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» (2017.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.08.06. № 267 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық әктілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген) «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.08.06. № 267 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияда - «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру; Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Мемлекеттік корпорациясы және портал үшін -15 (он бес) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|