«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелердің; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалардың; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың атаулары өзгертілсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетіне берсін. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысына 1-қосымша
Атауы өзгертілетін республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|