«Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 105 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 652 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 105 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген
Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық санақтарды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|