ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Осы редакция 2019 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы 4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері 5-бап. Валюталық реттеу органдары 6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары 8-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің шоттары 10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату 11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру 13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу 14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеу 15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету 16-бап. Шетелдік банктердегі шоттар туралы хабардар ету 17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну 18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері 19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өкілеттіктері 20-бап. Валюталық бақылау нысандары 22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар 23-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің құқықтары және міндеттері 6-тарау. АРНАЙЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМ 24-бап. Арнайы валюталық режим 25-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, міндеттерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер 1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айырбастау пункті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу үшін арнайы жабдықталған орын; шетел валютасы; номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар; құймалардағы аффинирленген алтын; Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен (аударған) немесе Қазақстан Республикасына әкелген (аударған) жағдайларда ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен немесе Қазақстан Республикасына әкелген жағдайларда Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар; валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану; валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару; валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру; валюталық құндылықтарды брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру; 4) валюталық шарт - валюталық операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүзеге асырылатын, өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоса алғанда, келісімдер, құрылтай құжаттары, сондай-ақ өзге де құжаттар; 5) есептік нөмір - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа беретін және валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған сәйкестендіру нөмірі; 6) импорт - Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі; 7) құймалардағы аффинирленген алтын - аффинаждау нәтижесінде алынған және өлшеуіш және стандартты құймалар түрінде дайындалған, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық алтынға жатқызылатын алтын; 8) уәкілетті банктер - валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары; 9) уәкілетті ұйымдар - банктер болып табылмайтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары; Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары түріндегі ақша белгілері; банктік шоттардағы Қазақстан Республикасының ақша бірліктеріндегі ақша; шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының) аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын банкноттар, монеталар түріндегі ақша белгілері; банктік шоттардағы шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) ақша бірліктеріндегі және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі ақша; 12) шетелдік банктер - шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде банк қызметін жүзеге асыратын банктер және өзге де қаржы институттары; 13) экспорт - Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі. 2. Осы Заңда валюталық операцияларды сыныптау мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: заңды тұлғаның, жай серіктестіктің, консорциумның жарғылық капиталына, мүлкіне қатысу, оның ішінде акциялар, қатысу үлестері, салымдар және (немесе) қатысушылардың дауыстары түрінде қатысу; заңды тұлғаның жарғылық капиталынан өзге капиталына қатысу; 2) капитал қозғалысы операциялары - Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты болатын, мыналар: қаржылай қарыздар; капиталға қатысу; бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен және туынды қаржы құралдарымен операциялар; Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемдену; зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды толығымен иемдену; ақшаны және өзге де мүлікті бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға, трастқа беру; клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға ақшаны және қаржы құралдарын клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған шоттарға беру; ақшаны және өзге де валюталық құндылықтарды өтеусіз беру көзделетін операциялар; экспортты немесе импортты алдын ала төлеу, төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезінде туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, қарыздар; борышкер міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілер мен алушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың) ақшалай талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру; үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы, солардың нәтижесінде өзі үшін міндеттеме орындалған тұлғада осындай қаржыландыруды берген және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға ақшаны және өзге де мүлікті қайтару міндеті туындайды; қаржы лизингі, Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды жалға алуды қоспағанда, жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып ала отырып жалға алу; 4) шетелдік қаржы ұйымдары - шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік банктер және өзге де қаржы институттары; 5) шетелдік қаржылық емес ұйымдар - шетелдік қаржы ұйымдарын қоспағанда, шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын өзге де ұйымдар. Осы Заңның мақсаттары үшін: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы резидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар; Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы бейрезидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импортына немесе экспортына байланысты валюталық операциялар болып табылады. 3. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының резиденттері (бұдан әрі - резиденттер) деп: шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құқық негізінде осы шет мемлекетте тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар (халықаралық ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ олардың филиалдары (өкілдіктері); егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта олар үшін резидент мәртебесі айқындалған болса, Қазақстан Республикасында орналасқан халықаралық ұйымдар; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері; 3-тармақтың жетінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында банк және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары; осы баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелері болып табылатын осындай шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) танылады. 4. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері (бұдан әрі - бейрезиденттер) деп: осы баптың 3-тармағына сәйкес резиденттер болып табылмайтын жеке тұлғалар; шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын ұйымдар, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесін құруға алып келмейтін қызметті жүзеге асыратын олардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары (өкілдіктері); Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері); егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері танылады. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісінде белгіленеді. 5. Осы Заңда пайдаланылатын және анықтама берілмеген ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында пайдаланылатындай мағынада қолданылады.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен бейрезиденттерге қолданылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң резиденттерге қолданылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және валюталық реттеу органы осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, сондай-ақ валюталық реттеу органдары мен валюталық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес шығаратын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормалары, Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан осындай нормаларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісін қабылдау (шығару) талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 2-бабында көрсетілген қатынастарға тікелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу, төлем балансының орнықтылығын, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығының тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу валюталық реттеудің мақсаттары болып табылады. Валюталық реттеудің міндеттері: 1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі интеграциялануына жәрдемдесу; 3) валюталық операциялар және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады. 2. Резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады. Валюталық бақылаудың міндеттері: 1) жүргізілетін валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестігін айқындау; 2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының негізділігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру; 3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын, уақтылығын және объективтілігін тексеру болып табылады.
5-бап. Валюталық реттеу органдары 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады. Мемлекеттік органдар әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге жатады. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі валюталық реттеу органы ретінде: 1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын; 2) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын; 3) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын; 4) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын; 5) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын; 6) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекітеді. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операциялардың барлық түрін шектеусіз жүзеге асырады. 6. Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне сәйкес келісу бойынша айқындайды.
6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары 1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынған, бұған: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тараптардың бірі ретінде әрекет ететін операциялар; 2) резиденттермен валюталық операцияларды жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен не осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен берілген резиденттер тараптардың бірі ретінде әрекет ететін операциялар; 3) уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы банк операциялары мен өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар; 4) валюталық операцияларды жүргізу бойынша банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; 5) номиналды құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар; 6) комитентке валюталық құндылықтарды қайтару жөніндегі операцияларды қоса алғанда, комиссионерлердің экспорт немесе импорт бойынша бейрезиденттермен шарттарды жасасуға және орындауға байланысты қызметтер көрсетуі кезінде комиссионерлер мен комитенттер арасындағы операциялар; 7) құймалардағы аффинирленген алтынды ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар; 8) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру; 9) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысуларға байланысты операциялар; 10) шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) арасындағы операциялар; 11) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар; 12) жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметі қайырымдылықты жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың өтеусіз ақша аударымдары немесе валюталық құндылықтарды өтеусіз беруі; 13) жеке тұлғалардың банктік салымдарды басқа жеке тұлғалардың пайдасына енгізуі; 14) брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттарды орындау және тоқтату шеңберінде клиенттерге тиесілі ақшаны және қаржы құралдарын есепке алуға және сақтауға арналған шоттардан (шоттарға) ақшаны және қаржы құралдарын беруге байланысты, клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы операциялар; 15) Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар; 16) Салық кодексіне сәйкес өзіне жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының осындай пайдалы қазбаларды тасуға, сақтауға және өткізуге байланысты операциялары; 17) жеке тұлғалардың «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер жүргізу жағдайлары кірмейді. 2. Резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында жүзеге асырылады. 3. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өздерінің филиалдарымен (өкілдіктерімен) кез келген валюталық операциялар бойынша ақшаны еркін алуға және аударуға құқылы. 4. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз операциялары және өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтерді, сыйақыны және өзге де кірістерді еркін алуға және аударуға құқылы. 5. Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүзеге асырылады. 6. «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 7. Осы Заңда жүзеге асырылу талаптары белгіленбеген резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүргізіледі. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері 2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ5-бап. Валюталық реттеу органдары6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары7-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары8-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің шоттары9-бап. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы 3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар 4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеу15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету16-бап. Шетелдік банктердегі шоттар туралы хабардар ету17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну 5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өкілеттіктері20-бап. Валюталық бақылау нысандары21-бап. Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге қойылатын талаптар22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар23-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің құқықтары және міндеттері 6-тарау. АРНАЙЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМ7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |