«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталын 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғам жарғысын бекітуді және Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|