|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi 3-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы 7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу 9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi 10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi 11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi 12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл 14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi 3-тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында 16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында 17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында 18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi 4-тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта 19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртiбi 20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу 21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi 22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында 5-тарау. Тiлдi құқықтық қорғау 23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау 24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті 25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті 25-1-бап. Ономастика комиссиялары 25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi 25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері 25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі 6-тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану 27-бап. Тiл - халықаралық қызметте
Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөніндегі мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы - түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын өзгеріссіз сақтайтын мәтіннің басқа тілге аудармасы; 2) ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; 3) ономастика комиссиясы - Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) ономастика саласындағы уәкілетті орган - ономастика саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) Республикалық терминология комиссиясы - уәкілетті органның жанындағы, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган; 6) топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруінің және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi; 7) 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган - тілдерді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады. Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. Мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 6-бап. Мемлекеттiң тiл жөніндегі қамқорлығы Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн. 7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттік тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. 2 тарау. Тiл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
8-бап. Тiлдердiң қолданылуы Мемлекеттік тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады. 9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінiң тілі Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тілінде жүргiзiлуi мүмкiн. 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 10-бап толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10-бап. Құжаттама жүргiзу тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiледi.
11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тілі Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi. 12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тiлдiң және орыс тілінiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттік тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тілі немесе басқа тiлдер мемлекеттік тiлмен тең қолданылады. 14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тілі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттік тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 15-бап толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15-бап. Мәмiлелер тілі Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттік тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.
3 тарау. Тiл - білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 16-бап. Тiл - білім беру саласында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi. Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тілін жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi. Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімдi мемлекеттік тiлде, орыс тілінде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тiл мен орыс тілі мiндеттi оқу пәнi болып табылады және білім туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi. 17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тiл мен орыс тілінiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Мәдени шаралар мемлекеттік тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi. Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.
4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, көрнекi ақпаратта
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді 19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады.
20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиiс. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тілі 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен бірінші бөлікпен толықтырылды (2022 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады. Мемлекеттік органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттік тiлде жазылады. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртаңбаларының мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен үшінші - жетінші бөліктермен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де жазылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылады. Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгермеген түрінде жазылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен үшінші бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады. Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын қараңыз Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармасымен қамтамасыз етiледi. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен алтыншы бөлік өзгертілді (2022 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттік тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде он жағында немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап жаңа редакцияда 22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге пошта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті.
5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді 23-бап. Тiлдi мемлекеттік қорғау Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды. Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттік тiлдi белгiлi бiр көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленедi.
2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары не аппараттардың басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-1-бап. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды 24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ономастика саласындағы уәкілетті орган: 1) республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді; 2) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді 25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган: 1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) орталық мемлекеттік органдарда жəне олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1) республикалық терминология комиссиясының қызметiн қамтамасыз етеді; 6) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 25-1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 25-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25-1-бап. Ономастика комиссиялары 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Уәкілетті органның жанынан - Республикалық ономастика комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретіне: 1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; 2) облыстарды, аудандар мен қалаларды атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру; 3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік меншіктегі әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ олардың атауын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың есімдерін беру жөнінде қорытындылар беру; 4) қаладағы аудандарды, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөлiктерiн атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қаладағы аудандарды, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктерін атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі қорытындыларын келісу; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi3-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi5-бап. Орыс тiлiн қолдану6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу 2-тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында8-бап. Тiлдердiң қолданылуы9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi15-бап. Мәмiлелер тiлi 3-тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi 4-тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртiбi20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында 5-тарау. Тiлдi құқықтық қорғау23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық24-1-бап. Алып тасталды24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті25-1-бап. Ономастика комиссиялары25-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi25-4-бап. Алып тасталды25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі26-бап. Алынып тасталды 6-тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану |