Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын бекіту туралы
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 қаулысымен бекітілген
Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидалары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды (бұдан әрі - тауар) әкелу тәртібін айқындайды. 2. Халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық және дәрілік заттар, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік гуманитарлық көмек болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|