Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы (2024.30.07. берілген өзгерістермен)
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары, сондай-ақ суық қару айналымының тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларды іске асыру қару-жарақ пен әскери техниканың заңсыз айналымы мүмкіндігін болдырмау бойынша жағдайлар жасауға бағытталған. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери техника - жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|