«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2014.24.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары: 1) бәсекелестік саясат саласында талдамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу; 2) бәсекелестік саясаттағы әлемдік үрдістерді және олардың Қазақстанның тауар нарықтарына әсерін зерделеу; 3) өңірлердегі және экономика салаларындағы бәсекелестік деңгейінің оңтайлы моделін айқындау; 4) тауар нарықтарын монополияландырудан және экономикалық шоғырландырудан, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеуден туындайтын экономикалық салдарларды болжау болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1127 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-111-жолмен толықтырылсын: «21-111. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 305-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) 305. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ. 3. ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімдегі «23» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 26-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 26. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 100%».
Қосымша. ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|