Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9189 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін, осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдауды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|