ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Агенттік республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жазылған рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шоттары бар.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.»; 1-тармақтың сегізінші - оныншы абзацтары 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 82-5) және 82-6) тармақшалармен толықтырылсын: «82-5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын келісу; 82-6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын келісу;»; 1-тармақтың он бірінші - жиырмасыншы абзацтары 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылсын: «90-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау; 90-2) қаржы нарығында биометриялық сәйкестендіру өткізу тәртібін айқындау;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|