Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 7-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2021.29.07. № 657 бұйрығымен күші жойылды
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызмет әділет Министрлігімен және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер қатынасында аумақтық әділет органдарымен және коммерциялық ұйымдар (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) болып табылатын, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер қатынасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетіледі.
2-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта (бұдан әрі - сұрау салу) ұсынылатын ақпараттың түрі көрсетілетін осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы сұрау салады. 4. Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда немесе бір реттік паролді пайдаланған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|