Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және барлық еңбекке қабілетті сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) кәсіпорын қызметінің мәні қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 335 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 335 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республиканың мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»; реттік нөмірлері 2, 3, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 жолдар алынып тасталсын. 3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 206-жол мынадай редакцияда жазылсын: «206. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»; реттік нөмірлері 207, 208, 209, 211, 212, 214, 216, 217, 218, 219, 220, 221 және 222-жолдар алынып тасталсын; 4. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»; реттік нөмірлері 2, 3, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдар алынып тасталсын.
|