Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Осы редакция 2015 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу және беру әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев): 1) Ұлттық ғылыми кеңестердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуін және оларды тәжірибелік-сараптамалық бағалауын ұйымдастырсын; 2) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдарды уақтылы ресімдеу, төсбелгілерді даярлау бойынша қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|