Қазақстан Республикасы Президентінің Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы тамыздың 25-і.
№ 73
Президентінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлейді. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасы - бұл елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде өндірістік күштерді, өндірістік, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, ел халқын қоныстандыру жүйесі. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Іске асыру процесінде, макроэкономикалық жағдай өзгерген кезде Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын түзету жүзеге асырылуы мүмкін. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|