Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және су мен дала экологиялық жүйелерінің табиғи дамуын сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан жалпы алаңы 20780 гектар жер учаскелері алынсын. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жалпы алаңы 263428 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгілеген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін. Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын. 3. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін. 4. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: «Ақмола облысы» деген бөлімнің реттік нөмірі 1-жолының 3-бағанында «258963» деген сандар «543171» сандармен ауыстырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1183 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жер учаскелерінің экспликациясы
|