Қазақстан Республикасы Президентінің (2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсынудың, ресімдеудің және берудің әдістемені қараңыз
Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже; 4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы; 5) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|