Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|