Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2022.18.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі — кәсіпорын) арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін беруші болып айқындалсын. 2. Қоса беріліп отырған кәсіпорыннан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.17.03. № 143 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.01.06. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.18.07. № 489 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі
1. Ассистентура-тағылымдаманы аяқтағаны туралы куәлік 2. Астық қолхаттарының бланкілері 3. Аңшы куәлігі 4. Ағаш кесу билеті 5. Әскери билеттер 6. Әскери тасымалдау құжаттары — 1-нысанды талап, 2-нысанды талап-жүкқұжат, 3-нысанды талап, багаж талоны 7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама 8. Бағалы қағаздардың бланкілері 9. Вексельдердің бланкілері 10. Визалық жапсырмалар Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|