|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы
Осы Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 194-ө өкімін қараңыз
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері 4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі 5-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымынан босату 6-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне байланысты шектеулер 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ 7-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті 8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары 9-бап. Ұлттық превентивтік тетік 15-бап. Шағымды қарау ерекшеліктері 16-бап. Шағымды қарау нәтижелері 17-бап. Шағымдарды қарау қорытындысын жинақтап-қорыту 20-бап. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 21-бап. Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 23-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің қағидаттары мен құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да қағидаттарды басшылыққа алады. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және өзге де міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтары шектеулерге жатпайды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы баяндамасында көрсетіледі. 4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алуға жатпайды. 5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына кепілдік беріледі. 6. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы мекемелер мен басқа да объектілерге кедергісіз баруға құқығы бар. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барған уақытында өткізу және объектішілік режимдердің белгіленген талаптарын сақтайды. 7. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бес жыл мерзімге лауазымға сайлайды. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайланатын адам мынадай талаптарға сай болуға тиіс: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болуы және соңғы он жылда оның аумағында тұрақты тұруы; 3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы; 5) мемлекеттік тілді еркін білуі; 3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кіріскен кезде мынадай мазмұнда ант береді: «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кірісе отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын адал әрі абыроймен қорғауға, сондай-ақ өз міндеттерімді әділдікпен және ар-ожданмен атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүддесі үшін тәуелсіз, бейтарап, объективті әрекет етуге міндеттенемін.».
5-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымынан босату 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты лауазымынан босатады. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді атқарып отырған лауазымынан босату үшін мыналар негіз болып табылады: 1) осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамау; 2) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 3) оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 5) заңды күшіне енген сот шешімімен оны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау; 6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы; 7) басқа лауазымға тағайындалу, сайлану немесе басқа жұмысқа ауысу; 8) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету; 9) өз тілегі бойынша лауазымнан босату туралы өтініш беру; 10) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы.
6-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне байланысты шектеулер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) саяси қызметпен айналысуға; 2) өкілді органның депутаты болуға; 3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға; 4) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; 5) коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға; 6) мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға; 7) өзінің қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; 8) азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін жеке мақсаттарда пайдалануға; 9) мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде өзінің саяси партиядағы, кәсіптік одақтағы мүшелігін тоқтатады. Егер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымға сайланған кезде саяси партияда, кәсіптік одақта тұрған жағдайда, ол тағайындалған күннен бастап он күн ішінде өзінің оларға мүшелігін тоқтатуға тиіс.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ
7-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді; 2) өз қызметі туралы жыл сайынғы баяндаманы, сондай-ақ арнаулы баяндамалар дайындауды және таратуды қамтамасыз етеді; 3) «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарына, Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталары жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен өтетін өзге де іс-шараларға шақыру бойынша қатысады; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана мәслихаттары сессиясының жалпы отырыстарына қатысуға құқылы; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, алқалы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдарда құрылатын өзге де органдардың отырыстарына шақыру бойынша қатысады; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдарға және лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына осы Конституциялық заңда көрсетілген міндеттерге сәйкес ұсыныстар енгізеді; 8) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін үйлестіреді; 9) осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарайды; 10) адамның құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық шарттарды ратификациялау немесе Қазақстан Республикасы үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдірудің өзге де тәсілі туралы ұсыныстар енгізеді; 11) Қазақстан Республикасының шарттық міндеттемелерін орындау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары мен комитеттеріне, сондай-ақ өңірлік мекемелерге ұсынылатын ұлттық баяндамаларды дайындауға және талқылауға уәкілетті органдардың шақыруы бойынша қатысады және көрсетілген органдар мен комитеттердің рәсімдеріне сәйкес осы мәселелер бойынша тәуелсіз пікірін білдіреді; 12) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеуге және қорғауға жәрдемдесу мақсатында халықаралық, өңірлік және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ басқа мемлекеттердің ұлттық құқық қорғау мекемелерімен, оның ішінде келісімдер (меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды; 13) адамның және азаматтың құқықтары жөнінде оқу және зерттеу бағдарламаларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оларды білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарда іске асыруға қатысады; шағымдарды қарау қағидаларын; Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені; Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені; ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын; алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидаларын; алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын бекітеді; 7-баптың 15) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 15) адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінеді; 16) шет мемлекеттің шақыруы бойынша басқа мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылаушы ретінде әрекет етуге құқылы; 17) мемлекеттік органдардан, ғылыми мекемелерден және өзге де ұйымдардан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері бойынша сараптамалық және талдамалық зерттеулер болған жағдайда, оларды сұратады; 18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған алдын ала баруға жататын ұйымдар мен мекемелерге кедергісіз барады; 19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған тиісті ұйымдар мен мекемелердегі адамдардың келісімімен кино-, фото- және бейнетүсіруді, олардан сұхбат алуды, оның ішінде аудио- және бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргізеді; 20) мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдары мен азаматтары арасындағы дауды реттеу бойынша қоғамдық диалогқа қатысады және өз қызметінің мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ұсынымдар береді; 21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына нормативтік құқықтық актілерді талдау, шағымдарды қарау және осы Конституциялық заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асыру нәтижелерін қамтитын өз қызметі туралы баяндаманы жыл сайын ұсынады. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша арнаулы баяндамалар дайындап, тарата алады. 3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары уәкілетті мемлекеттік органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қарау үшін жіберіледі. Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған баяндаманы қарау нәтижелері туралы хабарлайды. 4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы бапта көрсетілген баяндамаларды дайындау және тарату тәртібін бекітеді. 5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баяндамаларды дайындауға ұйымдар мен мамандарды шарт негізінде тартуға құқылы. 6. Баяндамалар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында жариялануға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуға жатады.
9-бап. Ұлттық превентивтік тетік 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін үйлестіру мақсатында: ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеуді, оқытуды және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы олардың қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімдерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; Үйлестіру кеңесін құруды және оның Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және басқа да ұлттық құқық қорғау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды; мамандарды тартады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасын дайындауға және жариялауға жәрдемдеседі, оны уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылауды және онда көрсетілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті ұйымдастырады. 3. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есептерінің негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу не қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге құқылы.
10-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық оқыту, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен және мамандармен өзара іс-қимыл 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық оқытуға жәрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, халықтың Қазақстан Республикасының заңнамасын, аса маңызды халықаралық актілерді білу деңгейін арттыруға қатысады. 2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді ілгерілету, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы білім мен дағдыларды тұрақты түрде арттыру мақсатында ғылыми-білім беру орталығын және өзге де ұйымдарды құруға бастамашылық жасай алады. 3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету және көтермелеу жөніндегі ақпараттық науқандар мен жобалар шеңберінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
11-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мен халықаралық шарттарын жасасу жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметі шеңберінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңдарында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру немесе халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді; 2) мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды.
12-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ оның мемлекеттік органдар мен ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға қатысуы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері2-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің қағидаттары мен құқықтық негізі 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі5-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымынан босату6-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне байланысты шектеулер 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ7-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары9-бап. Ұлттық превентивтік тетік10-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық оқыту, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен және мамандармен өзара іс-қимыл11-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мен халықаралық шарттарын жасасу жөніндегі ұсыныстар12-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ оның мемлекеттік органдар мен ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға қатысуы 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АДАМНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУІ13-бап. Шағымды қарау14-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымды қарау кезіндегі құқықтары15-бап. Шағымды қарау ерекшеліктері16-бап. Шағымды қарау нәтижелері17-бап. Шағымдарды қарау қорытындысын жинақтап-қорыту18-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының міндеттері 5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕН ОНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАДАҒЫ, АСТАНАДАҒЫ ӨКІЛІНІҢ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілі20-бап. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық21-бап. Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету22-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Ұлттық орталық басшысының актілері 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ |