«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2024.12.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2019.29.07. № 546 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2024.29.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 31) - 42) тармақшаларымен толықтырылсын: «31) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу; 32) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қатысушыларымен (акционерлерімен), басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасасу; 33) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 34) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару; 35) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу; 36) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|