Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы (2014.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент-банк - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен агенттiк келісім негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсететiн банк немесе ұйым; 2) жәбiрленушi - өзге тұлғаның көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға; 3) зиянды өтеу резервi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті немесе ерікті сақтандыру түрлері; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) кепiлдiк төлемi - «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтiн ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы), сондай-ақ жәбірленушіге (зиянды өтетуге құқығы бар адамға) сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде келтірілген зиянды өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға; 6) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарты; 7) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына төлейтiн, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бiр бөлiгi түріндегі ақша сомасы; 8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы; 9) меншiктi капитал - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының оның мiндеттемелерiне азайтылған активтерi мен сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) мiндеттi жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтiн кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлiгi түріндегі ақша сомасы; 11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) өтініш беруші -сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесi - қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi; 16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан және оның акционерi болып табылатын сақтандыру ұйымы; 17) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерi - осы Заңда көзделген жағдайларда өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген адамдарға төленетiн ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18-1) сақтандыру шарты - кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 19) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қосымша төлейтiн ақша сомасы; 20) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21) шартты мiндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшiн ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алдындағы мiндеттемелерi.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі - Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган Қорға және оның лауазымды адамдарына осы заңда көзделген тәртiппен шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды 3-1-бап. Шектеулi ықпал ету шаралары 1. Уәкiлеттi орган Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған, Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiн және әрекетсiздiктерiн анықтаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкiлеттi органның өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкiлеттi орган Қорға мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады: 1) орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым бередi; 2) жазбаша келісім жасайды. 2. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қабылдау және анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды одан әрi болғызбау туралы Қорға нұсқау беру жазбаша ұйғарым болып табылады. Қор жазбаша ұйғарымда белгiленген мерзiмде оны орындау жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. Уәкiлеттi органның жазбаша ұйғарымына сотта дау айту оның орындалуын тоқтатпайды. 3. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою қажеттiлiгi мен бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды бекіту туралы уәкiлеттi орган мен Қор арасында жасалатын келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екi тарапта болып жатқан бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою үшiн оларды уәкiлеттi орган анықтаған кезден бастап екi айдан аса уақыт керек деген шешiмге келген жағдайда жасалады. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Уәкiлеттi орган Қорға осы бапта айқындалған шектеулi ықпал ету шараларының кез келгенiн, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан қолданады. 5. Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган қатысушы-сақтандыру ұйымдарының және олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi Қордың қаржылық жай-күйiн нашарлатқан деп белгiлесе, онда қатысушы-сақтандыру ұйымдарына да қолданылуы мүмкiн.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-2-баппен толықтырылды 3-2-бап. Санкциялар Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады: 1) уәкiлеттi орган қолданған шектеулi ықпал ету шараларының талаптарын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамау; 2) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 4) уәкiлеттi органға қатарынан екi күнтiзбелiк ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептiлiктi (қаржы есептiлiгiн қоса алғанда) табыс етпеу; 5) бухгалтерлiк есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиiстi дәрежеде көрсетпеуiне, сондай-ақ есептiң өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) анықтау; 6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген дұрыс емес мәлiметтер мен есептiлiктiң табыс етiлуiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) белгiлеу; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу; 8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру; 9) Қордың жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Уәкiлеттi орган: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 2) барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн сатндартты болып табылатын қатысу шартының талаптарын айқындайды; 3) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн белгiлейдi; 4) Қор есептiлiгiнiң (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттарды бередi және беруден бас тартады, сондай-ақ осындай рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды; 6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi; 8) Қордың басшы қызметкерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ келісімдi беру және керi қайтарып алу тәртібін және Қордың басшы қызметкерлерiне біліктiлiк талаптарын белгiлейдi; 9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қолданады; 10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi; 11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi органның мынадай: 1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру; 2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы; 3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту; 4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы; 5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады. 4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен ; 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді ( бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары 1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңның және құрылтай құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады. Қор мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. 2. Акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретi осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 3. Қордың әрбiр акционерi акцияларының саны Қордың орналастырылған акциялары жалпы санының он процентiнен аспауға тиiс. 4. Қор қызметiне жалпы басшылық жасауды тоғыз адамнан тұратын директорлар кеңесi жүзеге асырады. Қордың директорлар кеңесiнiң құрамына дауыс беру құқығы бар уәкiлеттi органның өкiлi кiредi. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Қордың банк шоттары уәкілетті органда ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады: 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген мiндеттi шартты мiндеттемелердi, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған шектеулі ықпал ету және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау; 3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторларына өтем төлеу туралы шешім қабылдау; 4) агент-банкті таңдау; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу; 5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Қор кепілдіктері 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қор: 1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу; 2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмаған жағдайда, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін сақтандыру шарттары бойынша туындаған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды. 2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінің немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға енгізілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру шарттары Қор кепілдіктерімен жабылмайды. Осы жағдайда кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына жүгінеді. 3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қордың негізгі міндеттері: 1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді; 2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды; 3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды; 4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды 3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы. Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды 4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Қор акцияларына қатысу тәртібі және оларды сатып алу талаптары 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Өтiнiш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен Қор акцияларын сатып алуға, сондай-ақ қатысу шартын жасасуға мiндеттi. 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Өтiнiш берушi Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшiн Қорға мынадай құжаттарды ұсынады: |