Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2015 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауға байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат); 2) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 276-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|