|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ (2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 141-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары 7-бап. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер 8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары 9-бап. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары 10-бап. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі 11-бап. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 12-бап. Шартты жасасу және орындау 13-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті 14-бап. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы құзыреті 18-бап. Сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі 19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарды реттейді. 1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде жекеше нотариустар, адвокаттар мен сот орындаушылары көрсететін қызметтерді сатып алу; 2) мүшелік жарналарды (салымдарды), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу; 3) заңды тұлғалардың акциялары пакеттерін, жарғылық капиталға қатысу үлестерін (бұдан әрі - қатысу үлестері) сатып алу; 4) басқару органы мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу, басқару органы мен байқау кеңесі мүшелерінің міндеттерді орындауына байланысты шығыстарды (жол жүру және тұру, тәуліктік) өтеу не төлеу; 5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді және бағалы қағаздар нарығында өзге де қатысушылардың көрсетілетін қызметтерін, брокерлік және (немесе) дилерлік көрсетілетін қызметтерді, кастодиандық қызмет көрсетуді сатып алу, ақпарат тасымалының автоматтандырылған қаржы жүйесіне қосу, оған қызмет көрсету және оны пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесінің көрсетілетін қызметтерін, оның ішінде банктік үзінді көшірмелерді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы көрсететін ақпараттық көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты көрсетілетін қызметтерді, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және (немесе) халықаралық (шетелдік) банктердің, қолайлы хаттарды шығару бойынша заң консультанттарының, қаржы консультанттарының, сыртқы аудиторлық ұйымдардың және (немесе) бағалау ұйымдарының, сенімгерлік басқарушы инвестордың, төлемдік трансфер-агенттердің, тіркеушілердің көрсетілетін қызметтерін, процестік, төрелік және тапсырыс берушінің қарыз алуды ұйымдастыруына, оның ішінде бағалы қағаздар шығаруға және оларды сатып алуға, борышты және инвестициялық (қазынашылық) портфельді басқаруға қажетті өзге де көрсетілетін қызметтерді, жетекші халықаралық қаржылық ақпарат берушілердің ақпараттық-талдау жүйелері көрсететін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оригинатор және (немесе) кредитор ретінде секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру кезінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді сатып алу; 7) теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу; 8) өкілдік шығыстарды, іссапар шығыстарын төлеу және іссапар шығыстарына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 9) ұлттық басқарушы холдингтің экспорттық кредиттерді сақтандыруға маманданған халықаралық сақтандыру компаниясының көрсетілетін қызметтерін сатып алуы; 10) бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін және бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 11) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қаржы құралдарын, оның ішінде бағалы қағаздарды сатып алу; 12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастар шеңберінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметтерін сатып алу; 13) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алу; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) қаржы лизингінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу және (немесе) лизингтік қызметті жүзеге асыру кезінде оларды кейіннен лизингке беру үшін тауарларды, сондай-ақ лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және жұмыс жай-күйіне келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды 16) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберіндегі сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 1-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті 1. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында жүргізілетін саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына, мемлекеттің міндеттері мен функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады. 2. Осы Заңда көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару бойынша квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу субъектілері үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның міндеті болып табылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алдын ала біліктілікті іріктеу - әлеуетті өнім берушілерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау процесі; 2) анық емес ақпарат - әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің тендер, аукцион, бір көзден алу және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты құжаттардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын және әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің ұсынылған өтініміне сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер; 3) әлеуетті өнім беруші - сатып алу туралы шарт жасасуға үмітті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), консорциум; 4) біртекті тауарлардың түрлері - бірін-бірі алмастырмайтын біртекті тауарлар; 5) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бірдей болып табылмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және нақ сол бір функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 6) жұмыстар - заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет; 7) келісу комиссиясы - шарт жасасудан жалтарған және сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне немесе Қордың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган. Келісу комиссиясының құрамы, жұмыс істеу және шешім қабылдау тәртібі сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. Бұл ретте келісу комиссиясының құрамына міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері кіреді; 8) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет; 9) Қордың ұйымдары - дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы әрбір келесі заңды тұлғаға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі болатынын білдіреді; 10) офтейк-келісімшарт - құны, саны (көлемі) және беру мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен өнім беруші болашақта өндіруді және оны беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырған тауарды беруге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт; 11) сатып алу - тапсырыс берушілердің осы Заңда, сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алуы; 12) сатып алу веб-порталы - осы Заңға және сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алуды электрондық форматта өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; 13) сатып алуға қатысушы - тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші, өнім беруші және электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы; 14) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет - акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның қызметі, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызметі; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) сатып алуды жүзеге асыру қағидалары - реттелетін қатынастар саласына қарай: Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін - сатып алу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; Қор және Қордың ұйымдары үшін - сатып алу саласындағы уәкілетті органмен және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың және Қор ұйымдарының сатып алуын жүзеге асыру тәртібі (бұдан әрі - Қордың сатып алуын жүзеге асыру тәртібі); 16) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс берушінің лауазымды адамы немесе құрылымдық бөлімшесі не сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты болып айқындалған заңды тұлға; 17) сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы - сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып құратын алқалы орган; 18) сатып алу жөніндегі сарапшы - өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнаулы және (немесе) тиісті техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін тартатын жеке тұлға; 19) сатып алу саласындағы уәкілетті орган - квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 20) сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт) - осы Заңға, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 21) тапсырыс берушілер - квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; 22) тауарлар - нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар; 23) тендерлік комиссия (аукциондық комиссия) - сатып алуды тендер (аукцион) тәсілімен өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган; 24) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі - Қор) - ұлттық басқарушы холдинг; 25) электрондық дүкен - сатып алу веб-порталымен интеграцияланған, сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сатып алуды өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; 26) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы - қарым-қатынас саласына қарай: Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін - сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, өкілеттіктері сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын заңды тұлға (заңды тұлғалар); Қор және Қордың ұйымдары үшін - Қор айқындаған, өкілеттіктері Қордың сатып алуын жүзеге асыру тәртібінде айқындалатын заңды тұлға.
3-бап. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, осы Заңның нормаларынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары Сатып алу: 1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін сақтай отырып (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін) сатып алу процесінің ашықтығы мен бүкпесіздігі; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; 4) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі; 5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; 6) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсету; 7) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 8) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 9) сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.
1. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды: 1) сатып алу жоспарын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді) әзірлеу және бекіту; 2) өнім берушіні таңдау және онымен шарт жасасу; 2. Сатып алу процесі сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алу санаттарын басқару және қорларды басқару рәсімдерін де қамтуы мүмкін. 3. Сатып алу, осы Заңның 18-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Сатып алуды жоспарлау тиісті бизнес-жоспарлар және (немесе) бюджеттер және (немесе) даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары және (немесе) жөндеу жүргізу жоспарлары және (немесе) өндірістік бағдарламалар және (немесе) инвестициялық бағдарламалар және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. 2. Сатып алу жоспары (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді) сатып алу веб-порталында жарияланады. 3. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы біртекті емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді - біртектілігі бойынша, біртекті тауарларды - біртекті тауарлардың түрлері бойынша және беру орындары бойынша, біртекті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың орындалған, көрсетілген орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. 6-баптың 4-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. Бірдей тауарлар тізбесі бойынша бағаларды жоспарлау: 1) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес - Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін; 2) Қор айқындаған тәртіппен - Қор және Қордың ұйымдары үшін айқындалатын бағалардың жол берілетін ауытқуы шегінде жүзеге асырылады. Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Қор және Қордың ұйымдары үшін бірдей тауарлардың тізбесін Қор айқындайды. 5. Сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, оған өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
7-бап. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер 1. Әлеуетті өнім беруші, егер: 1) әлеуетті өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушысы) не консорциумға қатысушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Қордың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесінде және (немесе) өздеріне қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімінде тұрса; 2) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшысы және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса, өткізілетін сатып алуға қатысуға құқылы емес. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілермен шарт жасасуға жол берілмейді.
8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары 1. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады. 2. Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін растау үшін сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады. 3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім беруші сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.
9-бап. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары 1. Сатып алу процесінде анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Қордың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізіледі. 2. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші беретін ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін. 3. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы: 1) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталса, тапсырыс берушіні; 2) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталса, тапсырыс берушіні, сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
10-бап. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі 1. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасы4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары5-бап. Сатып алу процесі6-бап. Сатып алуды жоспарлау7-бап. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары9-бап. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары10-бап. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі11-бап. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері12-бап. Шартты жасасу және орындау13-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті14-бап. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы құзыреті15-бап. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау16-бап. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің шешіміне шағым жасау17-бап. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық18-бап. Сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |