|
|
|
Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары (2018.28.09. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасудың осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады. 3. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарды қоспағанда, Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарына конкурстан тыс орналасуға құқығы бар. ҚР Қаржы министрінің 2018.28.09. № 867 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе Заңның 7-бабы 4-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін. 5. Бос лауазымға конкурстан тыс іріктеу арқылы орналасуға үміткер кандидаттар осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылдау туралы өтініш береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |