|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы № 74-ө өкімі; 2) «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 116-ө өкімі. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1006 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2009.27.10. № 1689 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы, Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы шығарылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |