Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығы (2018.17.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2018.17.01. № 11-1-4/18 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2018.17.01. № 11-1-4/18 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Валюта-қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|