|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы (2022.07.02. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі 2-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері 3-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары 2-тарау. ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 4-бап. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктері 5-бап. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері 6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері 7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты 8-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру 9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі 1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады. 2022.07.02. № 106-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады. 2022.07.02. № 106-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті қалыптастырады. 4. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. 5. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің осы Заңмен реттелмеген мәселелері Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережемен реттеледі.
2-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері 1. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындайды. 2. Қауіпсіздік Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті шешімдер мен ұсынымдарды әзірлейді және қабылдайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
3-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; 2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; 3) ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингтеу және бағалау; 4) мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және мемлекеттік мәні бар өзге де бастамаларды, сондай-ақ елдегі жағдайдың дамуын, әлемдік және өңірлік үрдістерді кешенді талдау және бағалау, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжау, олардың алдын алу және оларды бейтараптандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және шараларды айқындау; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы баяндамасын тыңдау; 6) елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдау; 7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға жұмсалатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру; 8) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшы лауазымдарына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
2-тарау. ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
4-бап. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы: 1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 2) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін шақырады; 3) Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне тапсырмалар береді; 4) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекітеді; 5) 2022.07.02. № 106-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне қатысты актілерді, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы актілерді шығарады; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: 1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне, Қауіпсіздік Кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдаған кезде талқылау мен дауыс беруге қатысады; 2) өз құзыреті шегінде Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңестерінің тиісті шешімдерінің орындалуын үйлестіреді және бақылайды; 3) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеге, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері 1. Қауіпсіздік Кеңесі өз қызметін отырыстар мен жедел кеңестер нысанында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалатын өзге де нысандарда жүзеге асырады. 2. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының немесе Төрағаның уәкілеттік беруі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен өткізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды. 3. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды болады. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге адамдарға беруіне жол берілмейді. 4. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қатысып отырған Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. 5. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде олар Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. 6. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдері міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдары мен лауазымды адамдарының мүлтіксіз орындауына жатады. 7. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының өзге де нысандарын ұйымдастыру мен өткізу, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау тәртібі Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалады.
2022.07.02. № 106-VII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты 1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі. 2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерінің сөзсіз және түпкілікті орындалуын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.
8-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру Қауіпсіздік Кеңесін және Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 5-і. № 178-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі2-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері3-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары 2-тарау. ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ4-бап. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктері5-бап. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты 3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |