Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық органдарына қатысты ережелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында: 2-тармақ екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|