Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДI Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев 2012 жылғы 29 маусым
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|