ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 16-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) елді мекендердің жерлері үшін - 5 (бес) жұмыс күні, басқа санаттағы жерлер үшін - 10 (он) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|