Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы (2016.07.09 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 366 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.02.12. № 1266 Қаулысымен (бұр. ред. қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2007.18.10 № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара); 2009.24.03. № 388 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.04. № 366 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.02.12. № 1266 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын: 1) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 (бұр. ред. қара); 2007.31.07 № 647 (бұр.ред.қара); 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2016.07.09. № 525 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді 3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде: бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерiне; бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына; оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегіндегі iссапарлар үшiн Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс «Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртібі мен шарттарына сәйкес кейбір шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін; 6) өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн. ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. ҚР Үкіметінің 2011.13.09. № 1043 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.13.09. № 1043 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.12. № 1266 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-2-тармақ жаңа редакцияда 1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын. 1-3. ҚР Үкіметінің 2014.02.12. № 1266 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 366 Қаулысымен 1-4-тармақпен толықтырылды 1-4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты: 1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтерін бекітсін; 2) олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындасын. 2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады. 3. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|