«Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 20288 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің;»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|