Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы (2018.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.24.05. № 515 Қаулысымен ережесі мен мөлшері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысымен Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - грант) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (бұдан әрі - мектеп) дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант; 2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) -білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия - грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - комиссия); 4) жұмыс органы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.
3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды. 4. Комиссия уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінен, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі комиссия төрағасы болып табылады. 5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. «Білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын, Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі. 7. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 8. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 7-сыныпта оқуға үміткер орта білім беру ұйымдарының окушыларына арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест және жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест. Пәндік тест математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тестілік тапсырмалардан тұрады. Жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілеттерін бағалау жөніндегі тест мынадай бөлімдерден тұрады: 1) «Сандық сипаттамалар» (цифрлармен жұмыс істей білуін анықтау); 2) «Кеңістіктік ойлау» (абстрактілі-логикалық ойлау деңгейін анықтау). 9. 7-сыныптарда окуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша математика бойынша ыктимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі. 10. Конкурстың қорытындылары бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта окуға үміткерлерге грант тағайындайды. Пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. Бірінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер екінші кезеңге жіберіледі. Екінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі. 12. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды. Екінші кезең қорытындылары бойынша балдар саны тең болған жағдайда, грант соңғы оқу жылындағы үлгерім тәбілінің орташа балы жоғары үміткерлерге тағайындалады. Егер үміткерлердің соңғы оку жылындағы оқу үлгерім тәбілінің жоғары орташа балы тең болса, бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы неғұрлым жоғары үміткерлерге басымдық беріледі. 14. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш даусын жинаған үміткерге беріледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. 15. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. 7-сыныпта оқу үшін математика бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі. Оку жылы ішінде орын босаған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында үміткерлердің резервтік тізімін комиссия бекітеді. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Резервтік тізімге алынған үміткерлерге оку жылының ішінде қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады. 7-сыныпта оку үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады. 8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады. Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 503 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18. Білім алушы мектептің жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда, Комиссия оны гранттан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық етеді. 19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген жағдайларда босаған гранттар осы Ережеде көзделген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ескертпе: *дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор), оқушының шет елге оқуға кетуі жатады.
20. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1030 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 503 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 151 Қаулысымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.23.02. № 77 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда 21. Гранттың мөлшерлері: 1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1903820 (бір миллион тоғыз жүз үш мың сегіз жүз жиырма) теңгені; 2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2801376 (екі миллион сегіз жүз бір мың үш жүз жетпіс алты) теңгені құрайды. Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.
|