Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы (2012.16.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2052 қаулысы. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|