Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы (2021.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар; 2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар; 4) азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар; 5) босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын. 3. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 40-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|