Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеті атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығының (2016 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мыналарды: 1) осы бұйрықтың көшірмесін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініңинтернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|