Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2014.19.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі лицензияланатын қызмет саласындағы, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы лицензиар болып белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 3. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 859-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде: 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 1. Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне (лицензиарға) өзінің «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады: 3) және 4) тармақшалардың екінші абзацтары алынып тасталсын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 256-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|