Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 5-қосымша
«Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» (2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы). 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама (Стандарттың 6-тармағы).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауырпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерін (іс-әрекеттерін) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама алу туралы сұрау салуды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|