ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 ж. 18 қыркүйек
№ 661
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 661 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары бекiтiлсiн.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ережеде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбiн регламенттейдi.»; 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Осы Қағидалардың 3-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетiлген лауазымды адамдар қызметкердi тиiстi дипломаттық дәрежеде болу мерзiмi өткенге дейiн 1 (бiр) айдан кешiктiрмей кезектi дипломаттық дәреже беруге ұсынуға мiндеттi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|