«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, көріністерімен күрес жөніндегі бөлімшелердің
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көріністерімен күрес жөніндегі бөлімшелерді құруға байланысты Бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көріністерімен күрес жөніндегі бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстар ІІББ-нің, ІІБ-нің, көліктегі ІІБ-нің бастықтары: 1) Осы бұйрық пен Нұсқаулықты ішкі істер органдарының барлық қызметтері мен бөлімшелерінің оқып үйренуін қамтамасыз етсін. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялары, денсаулық сақтау, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарын Нұсқаулықпен таныстырсын. 2) Әкімшілік, криминалдық полицияның, тергеудің қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту мен оның жолын кесу жұмысын ұйымдастыруда басқа құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін бақылауға алсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жедел-техникалық қызмет департаменті (Тәженов Қ.Е.) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көріністерімен күрес жөніндегі бөлімшелердің жұмыс нәтижелері туралы статистикалық есепті жинақтау мен қорытындылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Әкімшілік полиция департаментіне (Машинец С.В.) және Штаб-Департаментіне (Ғалиев С.Ж.) жүктелсін. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|