|
|
|
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері (2014.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі; ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 893 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі
1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау: 1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін; 2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін; 3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі. 3. АҚҚ және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады: 1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады; 2) АҚҚ мен құтқарушылардың қызметін жаңғырту үшін, өткен аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қайталама аттестаттау жүргізіледі; 3) АҚҚ мен құтқарушыларды мерзімді аттестаттау оларды аттестаттау мерзімі өткен соң, бірақ, кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі; 4) АҚҚ мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олардың орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі өзгерген жағдайда жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Аттестаттауды: 1) өзі жұмыс істейтін құтқару бөлімшесінің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өздерінің ведомстволық бағыныстағы және ведомстводан тыс авариялық-құтқару қызметін, құрамаларын аттестаттау және құтқарушыларға "Халықаралық сыныптағы құтқарушы" сыныптық біліктілігін беру үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның шешімімен; 2) ведомстволық авариялық-құтқару қызметін және құрамаларын аттестаттау үшін Уәкілетті органның, министрліктің, агенттіктің, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен; 3) құтқарушыларды аттестаттау үшін авариялық-құтқару қызметі, құрамалары бастықтарының шешімімен құрылған аттестаттау комиссиялары жүргізеді. 5. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттауды АҚҚ басшылары мен құрылтайшыларының ұсынған материалдарының негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Қаралған материалдардың және жүргізілген тексерулердің негізінде АҚҚ, құтқарушылардың мақсатқа сай жұмыстарын орындау мүмкіндігі туралы қорытындысымен аттестаттау актісі жасалынады. Аттестаттау актісінің мазмұны құрылтайшылар мен АҚҚ басшыларына жеткізіледі. АҚҚ басшысы, құтқарушы аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспесе, оған Уәкілетті органға және одан әрі сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 6. Аттестатталған АҚҚ-на Уәкілетті орган: 1) ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді. 7. Аттестаттаудан өткен құтқарушыларға құтқарушы куәлігі, құтқарушы кітапшасы мен белгіленген үлгідегі құтқарушы жетоны беріледі. Келесі аттестаттау кезінде құтқарушының кітапшасына тиісті жазу жазылады. ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Аттестаттаудан өтпеген АҚҚ-нан заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен: 1) ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2007.20.09. № 820 Қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады. 9. Аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айырылады. 10. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Уәкілетті органға жүктеледі.
Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 893 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |