|
|
|
Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен орман
ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 498 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасында пестицидтердi және басқа препараттарды қолдану регламентiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 1999.01.09. № 37 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; 1998.07.09. № 651 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн және орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөніндегі республикалық комиссия құрылсын. 2. Аталған Комиссияға адамның денсаулығы мен айналадағы ортаның хауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өсiмдiк қорғау құралдарын қолданудың биологиялық, токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық регламентiн әзiрлеу мен тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тiзбесiн мемлекеттік тiркеуден өткізу жүктелсiн. ҚР Үкіметінің 1999.01.09. № 37 ; 1998.07.09. № 651 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссияға: оған жүктелген мiндеттердi шешу үшiн зерттеу шарттық негiзде жүргiзiлсiн. Комиссия қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес осы құралдар қолданылатын аймақта қалыптасқан экологиялық жағдайға және бұл мәселе жөнiнде осы заманғы ғылыми зерттеулер мен ұсыныстардың болуына қарай пестицидтердiң және басқа химияландыру құралдарының тiзбесiне, оларды қолдану технологиясына өзгерістер енгізу хұқы берiлсiн. ҚР Үкіметінің 1999.01.09. № 37 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөніндегі республикалық комиссия туралы Ереженi әзiрлеп, бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне ұсынсын. ҚР Үкіметінің 1999.01.09. № 37 қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне комиссияның жұмыс аппаратын орналастыру үшiн үй-жай (100 м2 кем емес) бөлу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шiлдедегi № 608 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөніндегі Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның Құрамы
Косарев В.А. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары (комиссиясының төрағасы) Ляхов Б.К. - Республикалық өсiмдiк қорғау стансасының бастығы (төрағасының орынбасары) Реймер А.А - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитарлық дәрiгерi (төрағаның орынбасары) Әмiрғалиев Н.А - Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Баканов Ш.А - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының аймақтық тамақтандыру проблемалары ғылыми орталығының пестицидтер гигиенасы лабораториясының меңгерушiсi Беляков В.П - «Қазқұнарлылық» мемлекеттік-кооперативтiк бiрлестiгiнiң төрағасы Букенова Р.К - Қазақ ауыл шаруашылық ғылыми академиясының егiншiлiк, мелиорация, экология, орман шаруашылығы және агроэкожүйе бөлiмшесiнiң ғалым хатшысы Дмитриенко В.Е - Қазақ азаматтық авиация басқармасының бас маманы Ершова Н.П - Орман шаруашылығы комитетiнiң Бас маманы Корниевский Е.Ю- Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының пестицидтер токсикологиясы лабораториясының меңгерушiсi Лукашев А.А - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институтының интоксикация механизмiн зерттеу лабораториясының меңгерушiсi Малыгин Е.В - Мемлекеттік карантин инспекциясының бастығы Нұрмұратов Т.Н - Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры Сағитов А.О - Қазақ ауыл шаруашылық институтының проректоры Суслов Г.Б - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінiң жердiң пайдаланылу мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жасау бөлiмiнiң бастығы Төлемiсов К.А - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Шеянов В.Н - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрiгерiнiң орынбасары Эльперин М.М - «Агрохим» ғылыми-технологиялық орталығының директоры
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |