|
|
|
Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысына сәйкес осы қаулының күшi жойылды Мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасында мотокүймелер беру көзделген, бiрақ мемлекеттік органдар тарапынан берiлмеген немесе мүгедек адам мотокүйменi өз қаражаты есебiнен сатып алған жағдайда оларға мотокүйменiң құны үшiн ақшалай өтемақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеудiң қоса берiлiп отырған тәртібі бекітілсiн. 2. Жергiлiктi әкiмдерге әлеуметтiк қамсыздандыруға бөлiнген қаражат шегiнде жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен мүгедектерге мотокүйме үшiн ақшалай өтемақы төленуiн қамтамасыз ету ұсынылсын. 3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қарашадағы № 1195 қаулысымен Бекiтiлген Мүгедектерге мотокүйме үшiн жыл сайын ақшалай өтемақы төлеудiң Тәртібі Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мотокүймелермен жеңiлдiктi қамтамасыз етiлуге құқы бар, бiрақ оны мемлекеттік органдардан алмаған әскери қызметiн атқарып жүрген кезiнде мүгедектiкке ұшыраған әскери қызметшiлер қатарындағы мүгедектерге, әрi жалпы аурудан, бала жасынан мүгедек болғандарға мотокүйменiң үстiмiздегi жылдың 1 қаңтарында және 1 шiлдесiнде қалыптасқан бағасының 80 процентiнiң 1/5 бөлiгi мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтемақы төленсiн. Жеке бағдарламаға сәйкес мотокүймелермен тегiн қамтамасыз етiлуге құқы бар еңбек жарақатынан және кәсiптiк аурудан мүгедек болғандарға мотокүйменiң үстiмiздегi жылдың 1 қаңтарында және 1 шiлдесiнде қалыптасқан бағасының 1/5 мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтемақы төленсiн. Өтемақы тоқсан сайын төленедi. Алғашқы төленетiн өтемақының мөлшерi өтiнiш және медициналық-әлеуметтiк сарап комиссиясының көлiкпен қамтамасыз ету үшiн медициналық айғақтамаларды белгiлеу жөніндегі куәлендiру актiсiнiң көшiрмесi берiлгеннен бастап жарты жылдықтың аяғына дейiнгi толық айлар санына тепе-тең етiп белгiленедi. Пайдалану мерзiмi өтiп кеткен мотокүймесi бар мүгедектерге өтемақы ескi мотокүйменi өткiзгеннен кейiн жанармайға жұмсалған шығын үшiн бұрын берiлген өтемақы ескерiле отырып төленедi. Осы аталған шараларды жүргiзуге байланысты шығындар облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының бюджеттерiне әлеуметтiк қамсыздандыруға бөлiнетiн қаражат шегiнде жұмсалсын. Еңбек жарақаты және кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болғандарға мотокүйме үшiн ақшалай өтемақы зақым келтiрушi кәсiпорын есебiнен төленедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |