|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне өзгерістер (2007.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. ҚР Үкіметінің 12.08.04 ж. № 846 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. "Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 13, 90-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібi мен шарттары туралы ережеде: 7-тармақта «медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен (МӘСК)» деген сөздер «халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1339 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. "Мемлекеттік білiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім гранты туралы ережелерде: 5-тармақта "дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне: 6-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацында "медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың 4), 5), 8) тармақшаларында "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияның", "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнің тiзбесi 1. "Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 27 мамырдағы № 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 20, 333-құжат). 2. "Мүгедектерге бензин үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 41, 606-құжат). 3. "Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қарашадағы № 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 557-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 мамырдағы № 465 және 1992 жылғы 22 қазандағы № 891 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы № 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 20, 223-құжат). 5. "Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 24 тамыздағы № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 440-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |