|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер 1. "Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 97-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек міндетін атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөніндегi ережеде: 3-тармақта "8" деген сан "14" деген санмен ауыстырылсын; 4, 13, 21 және 22-тармақтарда "медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиясы (МӘСК)", "МӘСК-ның", "МӘСК-ның", "МӘСК", "МӘСК" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi", "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесiнің", "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесiнің", "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесi", "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Еңбекте мертігу салдарынан кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу себептерін, мүгедектiк топтарын, дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша бекiтедi"; 5-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; 7-тармақта: екiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысымен бекiтiлген Еңбекшiлердің өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөніндегі ережеде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысымен бекiтiлген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру мен есепке алу ережесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтың бiрiншi абзацында: "қосымша тамақтану" деген сөздердiң алдынан "емделу," деген сөзбен толықтырылсын; 21-тармақта: төртiншi абзацта "60" деген сан "63" деген санмен ауыстырылсын, "55" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын; алтыншы абзацта "қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын, немерелерiн 8 жасқа толғанға дейiн" деген сөздер "қайтыс болған асыраушысының балаларын, iнiлерi, қарындастарын, немерелерiн он төрт жасқа толғанға немесе денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақ алынып тасталсын. 2. "Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы N 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 90-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібi мен шарттары туралы ережеде: 7-тармақта "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудің тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулықта: 6-тармақта "медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Мемлекеттiк білiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде: 5-тармақта "дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне: 6-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацында "медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың 4), 5), 8) тармақшаларында "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияның", "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi 1. "Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 27 мамырдағы N 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 20, 333-құжат). 2. "Мүгедектерге бензин үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы N 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 606-құжат). 3. "Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қарашадағы N 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 557-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 мамырдағы N 465 және 1992 жылғы 22 қазандағы N 891 қаулыларына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы N 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 20, 223-құжат). 5. "Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 24 тамыздағы N 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 440-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |